Қор республикалық палата мүшелерінің жарнасы мен ерікті ақша салымдары есебінен қаржыландырылады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді.
«Қордың негізгі мақсаты – қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайда қалған азаматтарға көмек көрсету. Қор бюджеті республикалық палата мүшелерінің мүшелік жарнасы мен ерікті ақша салымдарынан қалыптасады. Сондықтан қор қаражатына лимит болады. Бұл әзірге пилоттық жоба», - деді министр.
Сондай-ақ, Марат Бекетаев жиында министрліктің алимент өндіріп алу ісіне ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Оның айтуынша, ведомствоға түсетін арыз-шағымның тең жартысы осы санаттағы істерге қатысты. Бұл мәселені шешу үшін министрлік «Алимент өндіріп алудың тиімді жүйесін құру жөніндегі 30 қадам» атты іс-шаралар жоспарын бекіткен.