Елде мұнай өнімдерінің бағасын реттеу мықтап қолға алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде мұнай өнімдерінің бағасын реттеу мықтап қолға алынады

05.01.2022

Елде мұнай өнімдерінің бағасын реттеу мықтап қолға алынады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын түсіру үшін нақты шаралар қажет, оны әр өңірдің басшылары шұғыл қабылдауы тиіс. Қарызға батқан тұрғындар үшін «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заң дайындау да күн тәртібінде тұр. Ол үшін коммуналдық тарифтерді көтеруге 6 ай мораторий енгізіледі. Мемлекет басшысы өткізген елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңесте осы және өзге мәселелер қамтылды. Сондай-ақ, әлеуметтік осал топтар үшін баспананы жалға алу құнын төлеуге көмектесу өзекті. Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін «Қазақстан халқына» арналған қоғамдық қор құру жайы айтылды. Ол мемлекеттік бюджет пен жеке көздерден қаржыландырылады. Президент бұған дейін атқарылған жұмыстарды сынға алды. Қазір бұл салаларды реформалауға қатысты жүйелі әдіс керектігін қадап айтты.

Хабарламаларға жазылу