Фариза Оңғарсынованың таланты гаухар тастай сан қырлы еді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фариза Оңғарсынованың таланты гаухар тастай сан қырлы еді

22.12.2019

«Оңғарсынова...Оны біреулер «қазақтың Ахматовасы» дейді. Өтірік. Атымен ұқсамайды. Цветаеваға мінезі, тағдыры келгенмен, сезім гармониясы сəйкеспейді. Біреулер «юбка киген Махамбет» дейді. Махамбетпен рух тектестігінің бары рас. Бірақ бұл да əншейін қыздырма сөз.

...бұл дүниеде Фариза Оңғарсынованы да міндетті түрде біреумен шендестіру шарт болса, мен оған баламаны əдебиеттен емес, музыкадан табар ем. Маған,  егер Құрманғазы өлең жазса, өзіне қай жағынан да жақын тұрған Махамбетке емес, бүгінгі Фаризаша жазатын сияқты, ал егер Фариза аяқ астынан композитор боп кетсе, тап Құрманғазыша сілтейтін тəрізді боп көрінеді».

Әбіш Кекілбайұлы 2004 жылы «Фариза» деген көлемді мақала жазған, содан үзінді. Оны толық шығармалар жинағынан оқыдым. Биыл жазушы да, ақын да сексенге келуші еді. Өлең жазсын, мақала жазсын, басқа қызмет қылсын, өзін жағып жіберетін адамдар болады ғой, ақынды сондай тұлға деп қабылдағам...  

 Гауһар ТӨЛЕКБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу