Құдайберген Сұлтанбаевты еске алу кеші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құдайберген Сұлтанбаевты еске алу кеші

27.02.2016
Құдайберген Сұлтанбаевты еске алу кеші

Құдайберген Сұлтанбаев сан қырлы дарын иесі  еді. Оның ерекше  таланты сатира жанрында жарқырай көрінді. Көрерменнің көпшілігі оны алдымен «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы жақсы таныды.

Бұл тұста осы отаудың іргесін қалаушылардың бірі болған актер өмірінің соңына дейін оның бағдарламаларына белсене қатысып, көрерменді өнерімен сусындатып өтті. 

 Көрнекті актер кино өнерінде де өзіндік із қалдырды. Режиссер С.Нарымбетовтың бірнеше фильмінде, сондай-ақ,  Б.Шамшиевтің «Көктөбедегі кездесу», З.Подольскийдің «Қош бол, Медеу», С. Тәуекелдің «Махамбет», Р.Әбдірашевтің «Қаладан келген қыз», «Құрақ көрпе» және тағы да басқа көркем фильмдерде әрқилы бейнелер сомдады.

Бүгін 13:35-те Ұлттық арнадан ҚР Халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаевты еске алу кешін тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу