Темір жол саласының 170 қызметкері түрлі наградалармен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темір жол саласының 170 қызметкері түрлі наградалармен марапатталды

20.12.2019

Ерен еңбегі еленген теміржол саласының 170 қызметкері түрлі наградалармен марапатталды. Олардың арасында үздік мамандардан бөлек, ерлік жасаған азаматтар да бар. 

Нұралы Арыстанов теміржол саласында 10 жылдан бері еңбек етіп келеді. Биыл жолсерік «Алматы-Саратов» бағытындағы кезекті сапары кезінде Қазақстан-Ресей шекарасын заңсыз бұзып өтпекші болған өзбек азаматтарын ұстап, тиісті орындарға жеткізген. Ал қолға түскен мигранттар жүріп келе жатқан пойыздан секірмекші болған.

Бүгінде Нұралы қызмет ететін «Жолаушылар тасымалы» компаниясы 1 қарашадан бастап жабдықтардың жаңа үлгісін енгізді. 47 бағытта қатынайтын пойыз вагондарында жеңіл алмалы-салмалы заттар түгел жаңарған. Мысалы, матрас, жастық, көрпе, сүлгі мен еден төсеніштері халықаралық технологияларға сай жасалған.

Биыл 63 жаңа вагон қолданысқа берілсе, ал келер жылы олардың саны 100-ден аспақшы.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ

Хабарламаларға жазылу