Францияда зейнетақы реформасы туралы билік пен кәсіподақтар келісімге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда зейнетақы реформасы туралы билік пен кәсіподақтар келісімге келді

20.12.2019

Францияда зейнетақы реформасына қатысты билік пен кәсіподақтар бірқатар мәселе бойынша келісімге келді. Бұл туралы ел премьер-министрі Эдуард Филипп хабарлады. Оның айтуынша, енді түнгі жұмыс уақыты азайтылып, үстеме жалақы алуға мүмкіндік берілмек. Сонымен қатар, бюджеттік сектор қызметкерлеріне арнайы режим бойынша зейнетке шығу жүйесі қарастырылған.

Алайда халық бұған иланар емес. Олар құр уәдеден гөрі нақты істердің атқарылуын талап етіп, тағы шерулетіп жатыр. Тұрғындар жаңа реформа бойынша зейнетке шығу жасының 64-ке дейін ұзартылуына және зейнетақы жүйесінің талаптарына наразы. Үшінші аптаға ұласқан ереуілдерден ірі қалаларда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтап, бірқатар мектептер мен кәсіпорындар жабылды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу