ҚХА бірқатар азаматты марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА бірқатар азаматты марапаттады

13.12.2019

Келер жылы Қазақстан халқы ассамблеясы 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осыған орай 40-тан астам мемлекеттік шара өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ұйымның ғылыми-сарапшылық кеңесі отырысында айтылды. Ширек ғасырға жуық уақытта ассамблея еліміздегі 140-қа жуық ұлт пен ұлыстың ұйытқысына айналды. Ал оның жанынан құрылған ғылыми-сарапшылық кеңес еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді түрде араласып келеді. Биылдың өзінде оның мүшелері 24 монография және 70 мақала жариялаған.

Сондай-ақ Қазақстан халқының ассамблеясы еліміздің ең басты мерекесі қарсаңында бірқатар азаматты марапаттады. Сан түрлі салада жемісті еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүргендер кеудесіне «Құрмет» төсбелгісін тақты. Сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» және «Ізгі қайырымдылық қызметі үшін» 50-ге жуық азамат медаль, құрмет грамоталарымен марапатталды. Отанымыздың бірлігі мен ынтымағын бекемдеуге қызмет етіп жүрген белсенділер де ұмыт қалған жоқ.  

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу