Елбасы үш азаматты «Еңбек ері» орденімен марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы үш азаматты «Еңбек ері» орденімен марапаттады

17.12.2017

Елбасы Тәуелсіздік күні қарсаңында үш адамға «Еңбек ері» атағын беруді ұйғарды. Жалпы бұл марапат «Алтын қыран» немесе «Халық қаһарманы» атағымен теңдес болып есептеліп, 2008 жылдан бері беріліп келеді. Бұл жолы жоғары дәрежелі марапатқа ие болғандар қатарында бозкілем үстінде талай балуанның жауырынын жер иіскеткен Жақсылық Үшкемпіров пен бар саналы ғұмырын мұнай өндіру саласына жұмсаған Руслан Қуатов бар. Үшіншісі «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов. «Еңбек ері» атанғандардың ерекшеліктері туралы тілшіміз Индира Бегайдар айтып берді.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу