Мүгедек жандар жетекшілік қызметке тағайындалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедек жандар жетекшілік қызметке тағайындалады

13.12.2019
Мүгедек жандар жетекшілік қызметке тағайындалады

Келесі жылдан бастап елімізде мүгедектігі бар жандар жоғары лауазымды қызметке ие бола алады.

«Жаңа жылдан мүгедектігі бар жандарды мемлекеттік органдарға оның ішінде жетекшілік қызметтерге тағайындай бастаймыз. Бұл жөнінде Премьер-Министрмен келістім. Мысалы, егер ол құрылысшы болып, бірақ мүгедектігі болса, демек ол маман деген сөз. Ол құрылыс саласына қатысты департамент директоры немесе басқарма басшысы бола алады деген сөз. Мұндай практика бүкіл әлем елдерінде бар. Яғни мүгедектігі бар министр немесе депутат. Осындай кешенді шара арқылы азаматтарымыздың экономикалық белсенділікке тартпақпыз», - деді ҚР Еңбек және халықты қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Парламенті Сенатында.

Elorda.info

Хабарламаларға жазылу