Бағамның өзгеруі тауар бағасына әсер етпей тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағамның өзгеруі тауар бағасына әсер етпей тұр

23.02.2017
Импорт және экспорт, яғни сыртқы тауар айналымы доллар арқылы есептеледі.

«Сонда бүгінгі құбылыс тауар айналымына неге әсер етпей тұр?» деген заңды сауал туады. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «біз қазір отандық өндіріске басымдық беріп жатырмыз. Көп салада импортқа тәуелділіктен де арылдық. Бұл жұмыстар болашақта да жалғаса береді. Сондықтан, бағамның өзгеруі бағаға әсер етпейді», деп түсіндірді. Көптің көкейіндегі сауалды біз экономист Бауыржан Исабековке де қойдық.

Хабарламаларға жазылу