Президент «Ауыл» партиясының төрағасы Ә.Бектаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Ауыл» партиясының төрағасы Ә.Бектаевты қабылдады

11.12.2019

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл» партиясының төрағасын қабылдады. Кездесу барысында Әли Бектаев Мемлекет басшысына партия мүшелерінің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен президенттік кадр резервін құру, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі бастамаларды толық қолдайтынын айтты. Сондай-ақ салаға қаржылық қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістік алқаптарын нақты іспен айналысатын шаруаларға беру тапсырмаларының өзектілігіне тоқталып, бірқатар ұсыныстарын да айтты.

Саламат ОМАШ


Хабарламаларға жазылу