Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды

10.12.2019

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9,25 пайыз күйінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы банк төрағасы Ерболат Досаев айтты. Ведомство басшысының сөзінше, қазір елдегі инфляция көрсеткіші алдын ала болжамға сәйкес қалыптасып отыр. Сондықтан «Инфляцияның мұндай бағамы жыл аяғына дейін 4,6 дәліздік деңгейінде сақталады», - дейді банк төрағасы. Өйткені, олардың теңгерімі айтарлықтай өзгермеген. Оған қоса базалық мөлшерлеме келер жылы да өспеуі тиіс.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу