Ресей Олимпиада ойындарынан 4 жылға шеттетілді. Допингке қарсы әлемдік агенттік бүгін Швейцарияда өткен жиында осындай шешім қабылдады. Сонымен қатар Ресей әлем біріншіліктерін өткізу құқығынан айрылып, оған басқа да халықаралық спорт жарыстарына қатысуға тыйым салынды. Бұған қоса, ресейлік Олимпиада және Паралимпиада комитеттерінің басшыларына мемлекеттік қызметкерлерге әлемдік турнирлерге баруға шектеу қойылып отыр.
Аталған агенттіктің хабарлауынша, Мәскеу спортшылардың зертханалық деректерін өзгертіп, допинг-тест нәтижелерін бұрмалаған. Дегенмен, ресейлік мамандар бұл айыптарды жоққа шығарып, Лозаннадағы спорттық арбитраждық сотқа жүгінетіндігін мәлімдеді.
Егер Халықаралық Олимпиада комитеті агенттіктің шешімімен келіссе, «допингтен таза» ресейлік спортшыларға 2020-2022 жылдары өтетін жазғы және қысқы ойындарға бейтарап байрақпен қатысуға рұқсат берілмек.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ