Қарасай ауданының 90 жылдығы қарсаңында игілікті істер қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарасай ауданының 90 жылдығы қарсаңында игілікті істер қолға алынды

09.12.2019

Алматы облысы Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында бірқатар игілікті іс қолға алынды. 

Соның бірі - аудандағы білім ошақтарын жаңарту. Мәселен, 1969 жылы іргетасы қаланған Қайнар ауылдық орта мектебіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, білім шаңырағының 50 жылдығына орай пайдалануға берілді. Мерекелік жиында түрлі спорттық жарыстар өтіп, мектеп туралы естеліктер айтылды. Бүгінде мұнда 400-ден астам оқушы білім алып, 30-дан астам ұстаз қызмет етеді. 

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ

Хабарламаларға жазылу