«Елге қызмет ету мінезден» атты республикалық байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Елге қызмет ету мінезден» атты республикалық байқауы өтті

09.12.2019

Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек? Әділ, қарапайым, кәсіби білімді, адал және парасатты. «Елге қызмет ету мінезден» атты республикалық байқауына қатысушылар осылай дейді. Сайыс мемлекеттік қызметшілер арасында моральдық-әдептілік құндылықтарды насихаттап, олардың шығармашылығын дамытуды көздейді. Оған 200 адам қатысты. Жеңімпаздар «Үздік эссе», «Үздік бейнеролик», «Таңдаулы ұсыныс» номинациялары бойынша марапатқа ие болды. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу