М.Әуезов атындағы қазақ драма театры жас режиссерлер мен шығармашылық топтар арасында байқау жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Әуезов атындағы қазақ драма театры жас режиссерлер мен шығармашылық топтар арасында байқау жариялады

12.12.2014
М.Әуезов атындағы қазақ драма театры жас режиссерлер мен шығармашылық топтар арасында байқау жариялады

Атап айтқанда, өнер ордасы жас драматургтердің республикалық «Замандас келбеті» атты байқауын жариялады. Бұл байқаудың мақсаты - сахнада бүгінгі замандас келбетінің бейнеленуіне, жаңа заманға, уақыттың талаптарына сай жаңа кейіпкерлерінің шығуына ықпал ету және жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда жаңа есімдердің пайда болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік тудыру.

Ал жаңа режиссерлік жобалардың республикалық «Ашық сахна» байқауы театрға жаңа буын режиссерлерінің келуіне және белгілі есімдердің шығармашылық әлеуеттерінің жаңа қырынан ашылуына мүмкіндік тудыруды көздейді.

Сондай-ақ еліміздегі шығармашылық топтар үшін жаряиланған «Жаңа көзқарас» бірлескен жобалар байқауы талантты режиссер, актерлер, суретші, композитор, хореографтар, т.б. топтардың бірлескен идеяларын жүзеге асыруға, шығармашылық әлеуеттерін барынша танытуға мүмкіндік беру мен қазіргі сахнаға талантты режиссерлер, суретшілер, композиторлардың келуіне ықпал етуді мұрат етеді, деп хабарлайды байқауды ұйымдастыру комитетінен.

 

Хабарламаларға жазылу