Бұл жолы Қостанай облысының Сарыкөл ауданына қарасты Златоуст елдімекенінің тұрғындары қуанышқа кенелді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша жүзеге асқан жобаға қазынадан 650 млн теңге жұмсалған. Соның арқасында енді 900-ге жуық тұрғын талапқа сай таза су ішетін болды. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, ауылдағы 290 баспана орталық желіге қосылып үлгерген. Іргеге келіп тұрған құбырдан суды үйіне әркім өз есебінен кіргізеді. Оның құны шамамен 30 мың теңгеден аспайды. Бұған дейін тұрғындар суды тасымалдап әкелетін.
Дәуренбек ӘБДІБЕК