Сәтбаев қаласында көпбалалы 45 отбасыға пәтер кілттері берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәтбаев қаласында көпбалалы 45 отбасыға пәтер кілттері берілді

06.12.2019

Қалада «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында аз пайызбен кепілдік тұрғын үй алу үшін 19 өтініш мақұлданып, баспана сертификаттары табысталған. Олардың қатарында көпбалалы және мүгедек балалары бар отбасылар да қамтылған. Жыл соңына дейін қалада мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде тұрған тағы 4 анаға пәтер берілмек. Баспана бұйырғандардың бірі – Жайнагүл Мұхаметжанова. Ол ұзақ жылдар үй кезегінде тұрған. Төрт баланың анасы енді үш бөлмелі пәтердің иесі. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу