Сәтбаев қаласында гемодиализ орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәтбаев қаласында гемодиализ орталығы ашылды

05.12.2019

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында гемодиализ орталығы ашылды. Енді созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастар жол азабын тартып, өзге қалаларға сабылмай-ақ жақын маңнан ем алады. Бұл мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асқан жоба. Сәтбаев қаласында бүгінде гемодиализді қажет ететін 40-қа тарта науқас бар. Диализ залы толықтай озық медициналық қондырғылармен жабдықталған. Бірден 50 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы. Бұл - осымен өңірде ашылған сегізінші орталық. Қазір Қарағанды облысында 149 диализ аппараты жұмыс істесе, 600-ге жуық науқас ем алуда. Ал, келер жылы тағы 3 диализ орталығын ашу жоспарланып отыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу