Мәскеуде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай шара өтті

04.12.2019

Мәскеуде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өтті. Мерекелік жиынға Ресей Үкіметінің мүшелері, Федералды Ассамблеяның депутаттары, дипломаттар, ғалымдар мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Еліміздің Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан егемендігін алған жылдан бастап тек әлеуметтік-экономикалық салада емес, саяси тұрғыда да үлкен жетістікке жеткендігін атап өтті. Өз кезегінде кеш қонақтары елімізді мерейлі меркемен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

Иманғали Тасмағамбетов, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

ҚР Тәуелсііздік күніне орай ұйымдастырылып отырған салтанатты қабылдауға қош келдіңіздер. Біздің елімізге деген ақ көңілдеріңіз бен шынайы дос пейілдеріңіз үшін көп рахмет. Өз кезегімде барша қазақстандықтарды осынау мәртебелі де мерейлі мерекемен шын жүрегімнен құттықтаймын.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу