Президент жайлы жазылған кітап жүлделі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жайлы жазылған кітап жүлделі болды

09.09.2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жайлы жазылған «Көшбасшымен бірге» атты кітап ТМД мемлекеттерінің «Кітап өнері» деген 14-ші халықаралық байқауында 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Салтанатты шара Мәскеу қаласында өтіп жатқан халықаралық кітап жәрмеңкесінің аясында өтті. 

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен басылып шыққан бұл кітап өткен жылы Мәскеуде тұңғыш рет қалың көпшілікке таныстырылған. Оның авторлары - Президенттің үзеңгілес достары, елімізге белгілі тұлғалар. Кітапта Қазақ елінің Тәуелсіздік алған уақыттан бергі даму тарихы, осы жылдар аралығында қабылданған маңызды шешімдер туралы жан-жақты жазылған. 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу