«Ұлы дала ұрпағы» атты балалар байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала ұрпағы» атты балалар байқауы өтті

03.12.2019
Түркістанда «Ұлы дала ұрпағы» атты республикалық балалар шығармашылығы байқауы өтті. Өнер бәйгесіне еліміздің әр түкпірінен 700-ден астам өрен келген. 
Балалар 12 аталым бойынша бақ сынасты. Бір ғана биден 30 -ға тарта топ сайысты. Өнер додасын «Атадан мұра» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Бұл — түкпірдегі таланттарды тауып, оларды халықаралық бәйгелерге қосып жүрген іргелі ұйым. Мәселен, өткен жылдары 56 өнерлі өренді Франциядағы байқауға алып барған. Ал биыл супер финал Алматы қаласында өтеді. Бас жүлде 2 автокөлік. Бірі – жеңімпаздың ата-анасына, екіншісі – ұстазына беріледі. Түркістандағы жарыста 20 бала сол финалға жолдама ұтып алды.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу