«Астана Опера» сахнасында 1200 адам бір мезетте өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» сахнасында 1200 адам бір мезетте өнер көрсетті

24.07.2017

Қазақстанның барлық аймағынан жиналған музыканттар әйгілі композитор Густав Малердің 8-симфониясын орындады. Өте ауыр туындыны халыққа қаз-қалпында жеткізу үшін өнер ұжымдары 3 ай үздіксіз дайындалған. Бірнеше оркестр, хор және жеке орындаушыларды бір сахнаға тоғыстырған еңбек еш кетпеді. Елордалықтар «Ұлы дала еліндегі Ұлы музыканы» үлкен қошеметпен қабыл алды.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу