Android-тағы банктік қосымшалардан ақша ұрлайтын вирус пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Android-тағы банктік қосымшалардан ақша ұрлайтын вирус пайда болды

29.11.2019
Android-тағы банктік қосымшалардан ақша ұрлайтын вирус пайда болды

Бұл құқықбұзушылықты Ресей банктері анықтаған. Зиянды бағдарламалық жасақтама (БЖ) Android жүйесіндегі банктік қосымшаларды жаулап алып, ондағы қаражатты қаскөйлердің шотына аударуға мүмкіндік береді екен. 

Мамандардың айтуынша, мұндай жасақтамалар құрылғыларға мобильді ойындар, электронды кітаптар арқылы жасырынып кіріп кетуі мүмкін. Сондай-ақ, пираттық контенттері (фильмдер) бар сайттардан, торрент-тіркегіштерден электронды поштаңызға хабарлама ретінде келуі мүмкін. Егер зиянды бағдарламалық жасақтаманы байқамай көшіріп алсаңыз, алаяқтардың қармағына қалай түсіп қалғаныңызды байқамай қаласыз. Сондықтан мобильді қосымшаларды көшіргенде абай болған жөн.

Әзірше бұл вирус тек Ресейде тараған.

ren.tv

Хабарламаларға жазылу