Гонконгта Политехникалық университетте жүргізілген тінту барысында 4 мыңнан астам жанғыш зат пен 600-ге жуық химиялық қоспаға толы бөтелке анықталды. Бұл заттарды демонстранттар шеру барысында қолданбақ болған.
Осылайша университет қабырғасында 10 күнге жалғасқан қақтығыстар аяқталды.
Айта кетсек, кезекті наразылық акциясында жүздеген манифестант осы оқу орнының ғимаратына жасырынып, полициямен жанжалдасты. Соның салдарынан, 40-қа тарта адам жараланып, жүз шақтысы тұтқындалған. Жаппай тәртіпсіздіктерден мекеменің ойран-топыры шықты.
Енді тексеру жұмыстары аяқталған соң, ғимарат қалпына келтіріліп, оқу жалғасады деп жоспарланып отыр.
Арыстан РЫСБЕК