Павлодар облысында автобус құлаған шұңқырдан заттар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында автобус құлаған шұңқырдан заттар табылды

17.01.2024

Мына заттар «Майқайың шұңқырынан» табылды. Шыңырауға құлаған автобустың мемлекеттік тіркеу нөмірі мен құтқарушылардың қол сөмкесі. Мұндағы әр дүние оқиғаның мән-жайын анықтауға көмектесуі бек мүмкін. Өйткені, жолдың кенеттен опырылуына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Дәл қазір ойықтың түбінде жатқан автобусты аршып алу жұмыстары жүріп жатыр. Бірер сағаттаң соң 13 тәулік бойы іздестірілген автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушының тағдыры белгілі болады. Оқиға орнында жүрген жедел штаб өкілдері тағы бір тың ақпарат таратты.

Асайын Байханов, Облыс әкімі:

Бұл опырылған жер уақытына қарасақ сағат 01.01 де болған. 3-ші қаңтардан 4-ші қараған түнде 01.01 де. Ал, автобустың түсіп кеткен уақыты 01.24. Сондықтан автобустың не себепті түсіп кеткені, енді былай айтсақ келе жатып алдындағы мына опырылған жерді көрмеген себептен.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу