Елбасы Ташкентке барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Ташкентке барды

29.11.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші консультативтік кездесуіне қатысу үшін Ташкентке барды. Елбасы жиын алдында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Өзбек басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа өңір елдері көшбасшыларының кездесуін өткізу туралы бастамасына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді. Соңғы жылдары екі ел арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Биылғы бірінші жарты жылдықтағы сауда айналымы 1,6 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылдың осы уақыт аралығымен салыстырғанда 11 пайызға жоғары. Сонымен қатар, тараптар екіжақты қарым-қатынастар мен жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. 

Хабарламаларға жазылу