ҚР Президенті Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Президенті Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды

14.04.2019

Америкалық сақа саясаттанушы Збигнев Бжезинский өзінің «Ұлы шахмат тақтасы» атты еңбегінде Орталық Азияның геосаяси болмысын сипаттай келе, Қазақстанды «аймақтың қалқаны», ал Өзбекстанды «аймақтың жаны» деген екен. Бүгін Қазақстан Президенті Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Ташкентте екі елдің екінші президенттері тұңғыш рет кездеспекші.

Екі күндік сапарда сауда, әлеуметтік-гуманитарлық салалармен қоса, көлік-транзит мәселесі де талқыланып, маңызды құжаттарға қол қойылмақ. Қазақстанның Өзбекстанмен арадағы тауар айналымы қазір 2 миллиард доллардан асады. Тоқаевтың президенттігіне дейін бұл көрсеткішті 2020 жылға қарай бес миллиард долларға жеткізу көзделген. Бір қызығы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев та Ташкентке 2016 жылы, тура осы күні, 14 сәуірде сапарлаған екен. Ал, қазір соңғы жаңалықтарды тілшіміз Дулат Жексенбайұлы баяндайды.

Хабарламаларға жазылу