Ирактан 14 қазақ баласы елге қайтарылды

28.11.2019

Аса құпия жүргізілген шара - бұған дейін Елбасының тапсырмасымен жүзеге асқан «Жусан» операциясының жалғасы. Ол кезде Сириядан Қазақстанға 595 адам әкелінді. Оның 406-сы бала болатын. Бұл жолы Ирактан келген 14 баланың әкесі соғыста қаза тапқан. Ал қазақстандық бес әйел өмір бойына бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеуде. Бүгін түнде елге оралған балалар туыстарымен қауышты. Арнайы операцияға тілшіміз Досжан Маратұлы да куә болды.  

Хабарламаларға жазылу