НАТО ұшақтарын жетілдіруге 1 миллиард доллар бөлетінін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

НАТО ұшақтарын жетілдіруге 1 миллиард доллар бөлетінін жариялады

28.11.2019

НАТО өзінің барлаушы ұшақтарын жетілдіру үшін «Боинг» корпорациясына 1 миллиард доллар бөлетінін жариялады. Бұндай келісім жасалғанын Солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг пен авиациялық компания президенті Майкл Артур Брюссельде мәлімдеді. 

Екіжақты пәтуаға сәйкес, дұшпан ұшақтарын, кемелерін, зымырандарын және өзге де қаруларын анықтайтын «натолық» ұшақтар енді қуатты компьютерлік процессорлармен, серверлермен жабдықталады. Сонымен қатар, олар сандық технологиямен ақпарат алмасатын деңгейге дейін дамытылмақ.

«Бұл модернизация НАТО-ның технологиялық көштің басында келе жатқанын білдіреді», - дейді Столтенберг журналистерге берген жауабында.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу