Бірнеше баламасы бар немесе аудармасы жоқ әскери терминдер өзекті проблемаға айналды. Олқылықты жою үшін шекара қызметкерлерінің бастамасымен орысша-қазақша сөздік жарық көреді. Бұл туралы Алматыда әскери оқу орындарының өкілдері мен тіл мамандары бас қосқан жиында белгілі болды.
Белгілі ғалымдар күнделікті қызметте қолданылатын терминдердің көпнұсқалығы әскерилер үшін кедергі екендігін жеткізді. Сондықтан мамандар аталған саладағы қате сөздерді анықтап, жан-жақты талдаған. Енді жаңа сөздікке енетін терминдер толықтырылып, терминологиялық комиссияның тексеруіне жіберіледі.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ