Ерлі-зайыпты ғалымдар «Қытайша–қазақша үлкен сөздік» атты іргелі еңбек шығарды. Белгілі қытайтанушы Дүкен Мәсімханұлы мен шетел филологиясы магистрі Айнұр Әбиденқызы әмбебап кітапты құрастыруға 10 жыл уақытын сарп еткен. Су жаңа сөздіктің тұсаукесу рәсімі ғалымдар қызмет ететін Еуразия Ұлттық университетінде өтті. Жинаққа қазіргі қытай тілінің қолданысындағы 70 мыңға жуық сөз бен сөз тіркестері кіріктірілген. Бұл оқу орындарында иероглиф бойынша білім беріп, білім алатындарға, аудармашыларға, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынасқа, тіпті, өз бетімен тіл үйренушілерге таптырмас құнды дүниеге теңеліп отыр.
Дүкен Мәсімханұлы, филология ғылымдарының докторы, аудармашы:
- Қытайтану және қытай тілі мамандығы ашылып, мамандар даярлана бастағанына 30 жыл болды. Бірақ, осы күнге дейін шет елде, берісі Ресейде жарық көрген орысша-қытайша, қытайша-орысша сөздіктерге жүгініп келді. Оның өзі мемлекеттік тіліміздің кеңінен қанат жаюына кедергі жасап келгені жасырын емес.
Нысаналы ЫҒЫЛ