Яғни, төлем жұмысшылардың бір пайыздық жалақысын қорға аудару есебінен жүргізілмек. Осылайша жасанды ұрықтандыру елімізде белең алып бара жатқан бедеулік ауруының алдын алуға мүмкіндік бермек. Мұндай тиімді тәсілді Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры ұсынып отыр.
Елорда тұрғыны Анастасия 6 жыл бала көтере алмаған. Жас отбасының тағаты таусылған соң жасанды жолмен ұрық салдыруды жөн көріпті. Көп жылдық ем шара. Құнды қаражат жас отбасының жүйкесін жұқартқан. Нәтижесінде үміттері ақталды. Қазір ол үшемнің анасы.
Еліміздегі әр эко орташа есеппен 1 млн теңгеден басталады. Мұндай қаражатты бәрінің қалтасы көтере бермесі анық Сол себепті, эко жасау Әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесінің тізіміне кірді. Қазір қордың қызметі бірнеше медициналық ұйымдармен келісімге келуде. Ал оны пайдалану үшін ең алдымен әр тұрғын әлеуметтік мәртебесін анықтауы шарт. Одан соң дәрігер жолдамасының болуы міндеттті.
Жыл сайын елімізде эко жасатуға 900 квота бөлінеді. Қазақстанда 14000-нан астам жұптың бедеу екенін ескерсек, бұл әлбетте жетпейді. «Сондықтан да квотадан тыс, тегін эко жасату әлдеқайда тиімді дейді», - репродуктолог мамандар.
Бір реттік тегін эко әсіресе 30 жасқа дейінгі әйелдерге жасалса ұрықтандырудың сәтті шығу мүмкіндігі мол. Сондықтан мамандар дәрігерге ерте жүгінген жөн деп санайды. Қазір ерлердің де белсіздік мәселесі белең алып барады. Осыны ескерген мемлекет Медициналық сақтандыру қоры аясында келер жылдан бастап ер азамататардың да тегін емделуіне мүмкіндік беріп отыр.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ