Атырау атырабының экологиясына орасан зор залал келтіріп тұрған өзекті мәселе жуық арада шешіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау атырабының экологиясына орасан зор залал келтіріп тұрған өзекті мәселе жуық арада шешіледі

26.11.2019

Қала іргесіндегі мұнай өңдеу зауытында маңызды құрылыс жұмыстары басталды. Алпауыт кәсіпорыннан шығатын сарқын сулар енді жаңа жүйе бойынша сыртқа төгіледі. Қазір өндірістік қалдықтар ашық күйінде. Ол булану арқылы ауаға тарап жатыр. Ірі кешен іске қосылғаннан кейін сарқын сулар жабық әдіспен бір жерге жиналады. Жоба құны 20 млрд теңгеге жуық. Аталған мұнай өңдеу зауытына экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін өткен жылы 60 млн теңгеге жуық айыппұл салынған. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу