«ҚазАзот» қоршаған ортаға орасан залал келтірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазАзот» қоршаған ортаға орасан залал келтірген

16.01.2020

Ақтаудағы «ҚазАзот» компаниясы заводтан шыққан химиялық қалдықтарды жасырын құбыр арқылы жіберіп, қоршаған ортаға орасан залал келтірген.  

Облыстық экология департаменті тексеруді қала тұрғындарының шағымынан соң бастады. Жұрт Қошқар ата қалдық қоймасына құйылатын каналдан қолқаны қабатын жағымсыз иіс шығады деп арызданды. Тексеру барысында каналға жасырын құбырдың қосылғаны анықталды. Ал, зерттеулер нәтижесінде судың құрамында аммиак концентрациясының бірнеше есеге көп екені белгілі болды. Ол ауаға таралып, төңіректі улап жатыр. Мамандар құбырдың «ҚазАзот» компаниясына тиісілі екенін анықтап, оны жаптырды. Оған қоса 4 әкімшілік іс қозғады. Сот шешімімен кәсіпорынға 1 млн 700 мың теңге айыппұл салынды. Ал, экологтар қоршаған ортаға 13 млн теңгеден астам залал келгенін айтады.  

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу