Нан бағасы өспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нан бағасы өспейді

26.11.2019

Алматыда 2020 жылдың 1 ақпанына дейін нанның бағасы көтерілмейді. Бұл туралы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы мәлімдеді.

Оның сөзінше, қалада азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға қатысты кешенді іс атқарылған. Алматы - әлеуметтік нан бағасы ең төмен қалалардың қатарына кіреді. Қазір қайта өңдеу зауыттарына белгіленген бағамен тағы 3000 тонна ұн жеткізілмекші.

Бауыржан Жақсымбет

Хабарламаларға жазылу