Нан қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нан қымбаттады

02.11.2018

Оралдағы «№1 нан зауыты» деп аталатын кәсіпорын өз өнімдеріне бағаны көтеріп, қазір зауыт дүкендерінде нан 90 теңгеден 100 теңгеге өскен. Бұл - жоғары сұрыпты нанның бағасы. Ал әлеуметтік нан аталып кеткен бірінші сұрыпты нан бағасы 70 теңге күйінде қалды.

Алайда, әкімдік басқа кәсіпорындарда бағаның көтерілмегенін айтып, бұл зауытта да баға тұрақталатынын мәлімдеді. Осыдан тура бір ай бұрын облыс әкімі Алтай Көлгінов Үкіметтің селекторлық отырысында «өңірде нан және астық бағасы өспейді», деп баяндағанын еске сала кетейік. 

Юлия Ивакина, дүкен меңгерушісі:

Ұн қымбаттады. Қант пен жанармай бағасы да өсті. Сондықтан, нан бағасын көтердік.

Сергей Доля, қала әкімінің орынбасары:

«№1 нан зауытында» астық бітті деген ақпарат алдық. Қазір оларға астық беріледі. Нан бағасы өспейді. Қайта қалпына келеді.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу