Түркістаннан 40 шақырым жерде Сырдариямен түйісетін түбек бар. Тораңғы мен жиде қаптаған сол түбекте бұқар бұғылары мекендейді. Қалың тоғайды жайлаған сол жануарларға жалғыз адам бас-көз болып отыр.
Мұсахан Жүзеев – «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркінде бұғы бағады. Қасына жан жуытпайтын, жабайы, өте сақ, аса кербез жануар оның қолынан жем жейді, су ішеді. Осы өңірдегі тілшіміз Гүлжазира Ғалиқызы бұғышының бір күнін көріп қайтты.