Ақордада зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі сөз болды. Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдап, Ерболат Досаев Мемлекет басшысына осы жылдың 10 айындағы ақша-несие саясатының көрсеткіштері мен алтын валюта қоры мен еліміздегі қаржы нарығының ахуалдары жайлы баяндап берді.
Сондай-ақ кездесуде «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының, жеңілдетілген несие беру, екінші деңгейлі банктердегі активтердің сапасына тәуелсіз бағалау қалай жүргізіліп жатқаны талқыланды.
Альбина Әшім