Павлодар облысында нәзік жан иелері кәсіпкерлік салаға көптеп бет бұра бастады. Мәселен, биыл мемлекет тарапынан тегін оқытылатын «Бизнес негізі» курсына барғандардың дені - әйелдер. Кәсіпті енді бастағанына қарамастан, мемлекеттік грант, өсімі төмен несие, тиімді бағамен берілетін құрал-жабдықтарды да алып жатқан - қыз-келіншектер. Кәсібін нәсібіне айналдыра білген жандармен тілшіміз Болат Аманбаев арнайы жолықты.