Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ұжымы Лондон Колизейінің сахнасында «Шопениана» және «Шехерезада» балетін қойды. 2 мыңнан астам адамға арналған театр лық толып, қазақстандық балет әртістері көрерменнің жоғары бағасына ие болды. Театр ұжымы енді халықаралық турне аясында Үндістанға аттанбақ. Тұманды Альбионнан Индира Бектенова баяндайды.