АҚШ-тың Калифорния штатындағы Фресно қаласында атыс болып, 4 адам қаза тапты. Тағы алтауы жараланып, ауруханада жатыр. Олардың бесеуі ауыр халде. Зардап шеккендердің барлығы 25-35 жастағы ер азаматтар.
Оқиға кешкі сағат 8-дерде қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Отбасы мүшелері достарымен футбол матчын көріп отырғанда, белгісіз біреу үйге баса-көктеп кіріп, оқ жаудырған. Соның салдарынан, 3 адам оқиға орнында жан тәсілім етіп, біреуі емдеу мекемесінде көз жұмды.
Күдікті оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз. Қазір полиция оны іздестіріп, аталған факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ