Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді

18.11.2019

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді. Енді машинаңыз үшін салықты жылдың аяғына дейін төлеу міндетті емес. Бұл талап келер жылдан бастап жойылады. Яғни, 31-желтоқсанға дейінгі шарт 1-сәуірге дейін ұзартылмақ. Бұл алдымен ауылдық жерлердегі атқарушы биліктің салықтан түскен табысты сол жылы игере алуларына мүмкіндік бермек. Ал, салықтық рақымшылықты 507 мыңнан астам адам пайдаланған. Олар 12 миллиард теңге көлемінде негізгі борыштарын өтеді. Жеңілдік науқанын пайдаланғандардың өсімпұлы есептен шығарып тасталынды. Акция осы жылдың аяғына дейін жалғасады.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу