Лукашенко президенттік сайлауға тағы түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лукашенко президенттік сайлауға тағы түспек

18.11.2019

Александр Лукашенко келесі жылы президенттік пост үшін сайлауға түседі. Ол Ресеймен арадағы одаққа қатаң сын айтты. Мұндай мәлімдемені Беларусь президенті жексенбі күні өткен парламенттік сайлау барысында жасады.

Айтуынша, Мәскеудің кедергілері кесірінен Беларусь жылына 9 миллиард доллардан айырылып отыр. «Бізге ылғи жаңа шарттар қояды. Соның нәтижесінде экономикамыз құлдырап жатыр. Кешіріңіздер, мұндай одақтың қажеті не?», - дейді Лукашенко. 

Тағы бір сөзінде Беларусь жетекшісі энергетикалық шикізатты субсидиялау дауы шешілмесе, келесі айда Ресеймен интеграция туралы келісімге қол қоймайтынын ескертті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу