Қарағандыдағы «Қазақстан» шахтасында жұмысшы қайтыс болды. Ол көмір шахтасының қазандығында жұмыс істеген. Соңғы рет өндіріс шебері 16 қараша күні сағат 23:30-дар шамасында қазандық бункеріне көмір толтыру жұмысын бақылаған. Одан соң әріптестері оны көрмеген. Құтқарушылар тобы тек таңертен сағат 8:00-ден кете жұмыскердің өлі денесін қазандықтың бункерінен тауып алған. Әзірге өлім себебі белгісіз. Бұл іс бойынша мемлекеттік комиссия құрылып, тергеу амалдары басталды.
Еске сала кетейік, 8 қараша күні «Саранская» көмір кенішінде де бір адам қаза болған еді. Кеншілер қаза тапқан екі шахта да «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі.
Руслан Нұрланұлы