Қостанайда Еurasian Bank-тің филиал директоры ақша ұрлап, елден қашып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда Еurasian Bank-тің филиал директоры ақша ұрлап, елден қашып кетті

15.11.2019

Қостанайда Еurasian Bank-тің Жітіқара аудандық филиалы директоры ақша ұрлап елден қашып кетті. Ол 205 мың еуроны өзіне сеніп тапсырылған банк бөлімшесінің кассасынан жымқырған. Бұл туралы аталған банктің облыстық филиалының директоры полицияға арыз түсіріпті. Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Сеніп тапсырған мүлікті аса ірі көлемде иемдену немесе ысырап ету» бабы бойынша іс қозғалды. Полицияның мәліметінше, күдікті қылмыс жасалған күні жеңіл көлікпен Қазақстан Ресей шекарасын кесіп өткен.

Дәурен ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу