Мемлекеттік аудит соңғы 3 жылға бөлінген республика бюджетіне тексеріс жүргізіп, біраз былықтың бетін ашты. Мәселен, Қостанай облысы қазына қаржысын тиімді жарата алмай отыр. Өңірден 4,5 миллиард теңге көлемінде заңбұзушылық анықталып, тағы 7 миллиард теңге тиімсіз жоспарланған екен.
Қостанайдың жылдар бойғы проблемалары әлі өзекті. Мәселе қаржының жоқтығында емес, оның мақсатсыз жұмсалуында.
«Қостанайдың бюджетті игеруге икемі бар. Бірақ нәтижелі бітіруге бел шешіп кіріспейді»,- деді мамандар. Облыстық маңыздағы Ұзынкөл-Сарыкөл бағытындағы тасжолды салуға 2 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Ал төселген асфальт ойдым-ойдым.
Рудный қаласына қарасты 25 мың тұрғыны бар ауылға газ баяғыда жетуі тиіс-тін. 2016 жылы жобалық сметалық құжаты дайын болған. Бірақ жергілікті халықтың 2 пайызы ғана көгілдір отынмен қамтылып отыр. Жұмыстың шалалығы тексеруші комитеттің шамына тиді.
Осындай олқылықтарға кімдердің жол бергені анықталады. Әрі кінәлілер жазаға тартылады.
Нысаналы ЫҒЫЛ