Оралда 16 мектепте санитарлық ереже өрескел бұзылған. Бұл білім ордаларында бір сыныпта 27-30-дан көп оқушы оқиды. Ал ереже бойынша сыныпта бала саны 25-тен аспауы керек. Қала бойынша 38 мектеп тексерілген. Ереже бұзылғаны үшін 16 мектеп директорына нұсқама берілді. Енді басшылар бұл мәселені 6 айдың ішінде шешуі тиіс.
Жалпы, қала бойынша 50 мектеп бар. Жыл соңына дейін қалған білім ошақтары да тексеріледі.
Ардақ Мұратқызы