Синтетикалық есірткіге еліккендер қатары күрт көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Синтетикалық есірткіге еліккендер қатары күрт көбейді

13.11.2019

Есірткімен күресте арнаулы қызметтер дәрменсіз. Ресми дерек бойынша, нашақор саны 150 мыңға жуық болса, ал тіркелмегендері одан үш есе көп. Соңғы кезде синтетикалық заттың зардабын татып отырғандардың қатары күрт көбейді. Кәдімгі шегетін немесе егетін түрінен едәуір ауыр. Иісі, дәмі сезілмесе де ақылдан айырып, ағзасын ірітіп жібереді.  

Сонымен синтетикалық заттың атауы әр түрлі болғанымен кеселі бірдей. Фен, спид, спайс, кристалл – деген түйіршіктер мен ұнтақтар соңғы 3 жылда ұрпаққа қауіп төндіріп тұр. Химиялық қоспа қиырдан қиындықсыз жеткізіліп отыр. Нидерланды, Германиядан келген деректер тіркелген. Есірткі логистикалық және пошта қызметімен тасымалданады. Бірақ оңай жолы онлайн арқылы орға түсіру екен. Депутат солай дабыл қақты. 

Қанат Мусин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

Интернет дүкендер қазақстандықтар үшін қолжетімді. Онда есірткіні саудалап қана қоймайды, дайындайтын жабдығына дейін, тіпті жеке өндірісін ашуға үйрететін ашық видео курстар бар. Сайттарда есірткі жарнамасымен айналысуға, оны жасырын таратуға жария түрде жастарды тартып жатыр.

Республикада жылына 20-дан 40 тоннаға дейін есірткі тәркіленеді. Ал одан болатын өлім бойынша Қазақстан 93 елдің ішінде 33-ші орында. Ең қауіпті деген синтетикалық заттың 483 түрі болса, соның 60-ы Қазақстанда бар.

Қара нарықтың саудасын қыздырып тұрған сол сайт қазір. Биыл сондай 5000 электронды мекен-жай табылып, жабылды. Бірақ біреуінің орнына екі жаңасы ашылады.

Былтыр 3 келідей есірткі тәркіленсе, биыл үш есеге көп анықталған. Ал оған тәуелді болу кәдімгі есірткіден 6 есе жоғары.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу