Үндістанда піл 5 адамды таптап өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда піл 5 адамды таптап өлтірді

13.11.2019

Үндістанда «Усама бен Ладен» атты піл 72 сағаттың ішінде 5 адамды мерт қылды. Оның шабуылынан көптеген тұрғын жараланды.

Соңғы мәліметке қарағанда, ол Ассам штатының Гоалпара ауданының орманында қолға түскен. Оны ұстауға бір топ жуас піл көмектесті. 

Алып жануарға әйгілі террористің есімі елдің солтүстік-шығысында өкпесі көтеріліп, қатыгездікпен адамдарды өлтіргені үшін берілді. Сонымен қатар бұл піл жергілікті тұрғындардың мүлкі мен егістік алқаптарын жойған. 

Болжамдарға қарағанда, «бен Ладен» жабайы табиғатқа қайта жіберілуі мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу